Рыбакина ширек финалға шықты

Редакция Ulyssport

Дохада (Қатар) WTA-1000 категориясындағы (хард) турнир өтіп жатыр. 12 ақпанда Елена Рыбакина үшінші айналым матчын өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Қатарда өткен ширек финал матчында Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакина әлемдік рейтингте 46-орында тұрған Ребекка Шрамкованы (Словакия) жеңді. Матч нәтижесі 7:6 (7:1), 6:2 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина төрт эйс жасап, екі қосарлы қателік жіберіп, жеті брейк-пойнттан төртеуін жүзеге асырды. Шрамкованың есебінде екі эйс, екі қосарлы қателік және үш брейк-пойнттан екі жүзеге асырылды.

Дохадағы "мыңдық" турнирінің жартылай финалына шығу үшін Елена Рыбакина Линда Носкова (Чехия) және Ига Швёнтек (Польша) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.