Харбин 2025: Бүгін кімдер ел қоржынына жүлде салды

Редакция Ulyssport

Үш күндік жарыстан кейін Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

ШАҢҒЫДАН ЭСТАФЕТА

Әйелдер командалары арасындағы (4×5 км) шаңғыдан эстафетада Қазақстан құрамасы екінші болып келіп, күміс медаль иеленді. Команда құрамында Камила Елгазинова, Ксения Шалыгина (классикалық стиль), Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина (еркін стиль) өнер көрсетті.

ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ

Қазақстанның ерлер құрамасы (4×7,5 км) үшінші болып келіп, қола медальға ие болды. Команда құрамында Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық стиль), Олжас Климин және Владислав Коволёв (еркін стиль) болды.

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ

Әйелдер арасындағы қысқа бағдарламадан Софья Самоделкина 4-орын, ал Софья Фарафонова 9-орында тұр.