Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің финалына шықты

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан ITF Women 100 турнирінің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Қазақстан теннис федерациясы

Ол латвиялық серіктесі Дарья Семенистамен бірге жартылай финалда жапониялық Нао Хибино мен ресейлік Виталия Дьяченко дуэтін 3:6, 6:4, 11:9 есебімен жеңді.

Бұл — Құламбаева үшін кейінгі екі аптадағы екінші W100 финалы.

Қазақстандық теннисші  мұның алдында жұптық сында Мадрид (Испания) ITF W100 турнирінде үздік шыққан еді.