Зарина Дияс жарақатынан кейінгі үзілістен соң алғашқы турнирінде жеңіске жетті

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өткен ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Зарина Диястың Instagram-парақшасынан

ТОЛЫҒЫРАҚ

Финал Куруме қаласында өтті. Әлемдік WTA рейтингінде 318-орында тұрған қазақстандық спортшы әлемнің 288-ракеткасы, 27 жастағы жапониялық теннисші Аяно Симидзуды жеңді.

Дияс Симидзуды 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

ТЕННИСШІНІҢ ҚУАНЫШЫ

— Міне, Жапониядағы соңғы турнирімді жеңіспен аяқтадым — бұдан да жақсы аяқталу мүмкін емес еді. Төрт апта бойы көптеген матчтар, түрлі сәттер — жеңістер де, қиындықтар да, күрес те, өсу де болды. Жапония, осы тәжірибе, сынақтар мен естеліктер үшін алғыс айтамын. Үйге жүрегім толып, қуанышпен қайтып барамын, – деп жазды Зарина Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық 17 жастағы теннисші Әмір Омарханов (ATP жекелей рейтингінде 956-орында) ITF M25 санатындағы турнирінің финалына шыққанын жазған едік.