Александр Бублик Туриндегі турнирдің финалында ойнайды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 76-орын) Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Challenger 175 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Турнир топырақ төсенішінде өтіп жатыр.

Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Германия өкілі Даниэль Альтмайерді (ATP 71) сенімді түрде 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Финалда Бублик қытайлық Бу Юнчаокетемен кездеседі. Титул үшін матч бүгін, 18 мамырда өтеді.

Финалға дейін қазақстандық теннисші Маттео Джигантені (6:3, 6:1), Федерико Арнабольдиді (0:6, 6:3, 6:3) және Томас Мартин Этчеверриді (6:2, 3:6, 7:5) жарыс жолынан шығарды. Айта кетейік, Бублик 2016 жылдан бері алғаш рет топырақ төсенішіндегі турнирдің финалына шығып отыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Зарина Дияс жарақатынан кейінгі үзілістен соң алғашқы турнирінде жеңіске жеткенін жазған едік. Ол Жапонияда өткен ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды.