Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының (French Open) финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жартылай финалда Данилина мен Крунич Эйкери (Норвегия) / Ходзуми (Жапония) дуэтін 6:7(5), 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Франция ашық чемпионатының финалында Анна мен Александра италиялық жұп Сара Эррани және Жасмин Паолинимен кездеседі.
Айта кетейік, бұл – Анна Данилинаның “Үлкен Дулыға” турниріндегі үшінші финалы. Ол 2022 жылы Australian Open жарысында жұптық сайыстың финалында ойнады, ал 2023 жылы US Open турнирінде микст санатында чемпион атанды.
Финалға дейін Данилина мен Крунич бірнеше мықты қарсыласты жеңіп шықты. Олар бірінші айналымда Польша өкілі Магда Линетт пен АҚШ теннисшісі Бернарда Пероны 6:7, 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Кейін Қытай мен Тайваньнан Синью Янь / У Фансянь дуэтін 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Одан соң америкалық Эйжа Мұхаммад пен нидерландылық Деми Схюрсті 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Ширек финалда олар турнирдің бірінші нөмірлі дуэті — чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен ұтты.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық гимнаст Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді.