Александр Бублик Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Редакция Ulyssport

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Осының алдында 1/8 финалда әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнерді ұтып, сенсация жасаған қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 23-орында тұрған чехиялық Томаш Махачпен шеберлік байқасты.

Қарсыластар бұған дейін былтыр, 2024 жылы Дубай (БАӘ) ATP 500 турнирінің алғашқы айналымында кездесіп, онда тартысты бәсекеде Бублик 2:6, 6:3, 7:6 (7:5) есебімен жеңген еді.

Бұл жолы Бублик 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен ойнайды.