Анна Данилина теннистен тағы бір ірі турнирдің финалына шықты

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жұптық сайыстың жартылай финалында Данилина мен жапониялық Эна Сибахара қытайлық-тайваньдық Чжан Шуай және Се Шувэй жұбымен кездесті.

Кездесу үш сетке созылды. Есеп: 5:7, 6:4, 10:4.

Жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алған еді. 

Бублик турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен ойнайды. Матч бүгін, 21 маусымда сағат шамамен 19:10-да өтеді.