Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 275-орын) Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Финалда қазақстандық теннисші италиялық Дилетта Керубиниді (WTA 446) 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңді.

Бұл Зарина үшін ITF аясындағы 12-титул болды.

Сондай-ақ ол бұған дейін WTA 250 санатындағы бір турнирде жеңіске жеткен.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик мансабында екінші рет Галледегі турнирдің финалына шыққанын хабарлаған едік. Бублик жартылай финалда ресейлік теннисші, әлемнің 22-ракеткасы Карен Хачановты 4:6, 7:5 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.  Финал бүгін, 22 маусымда өтеді. Онда Александр тағы бір ресейлік, әлемнің 11-ракеткасы Даниил Медведевпен кездеседі.