Бублик қатарынан екінші ATP 250 титулын жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында ATP додаларында жетінші, биылғы үшінші титулына қол жеткізді.

Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы Әмір Омарханов теннистен Қазақстан чемпионы атанғаны жазған едік.