Елена Рыбакина Монреальдегі турнирдің ширек финалына шықты

Редакция Ulyssport

Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның бірінші ракеткасы төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 7 эйс жасап, 9 қос қателік жіберіп, 9 брейк-пойнттың 5-ін сәтті пайдалана білді.

МАТЧТАН КЕЙІН

– Бұл өте маңызды жеңіс болды. Даянамен ойнау оңай болған жоқ. Ол өте жақсы өнер көрсетті. Матчты жеңгеніме қуаныштымын, енді келесі кездесуді асыға күтемін, – деді Рыбакина матчтан кейін кортта берген сұхбатында.

Елена енді жартылай финал жолдамасы үшін тағы бір украиналық спортшы Марта Костюкпен сарапқа салады.