Әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өтіп жатқан "Челленджер" санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық теннисші жартылай финалда турнирдің екінші ракеткасы, әлемнің 107-ракеткасы бельгиялық Рафаэль Коллиньонды 6:4, 4:6, 7:5 есебімен жеңді.
Финалда Скатов әлемнің 185-ракеткасы Юрий Родионовпен кездеседі.
Тимофей Скатов жеке сын бойынша “Челленджер” турнирлерінде екі рет: 2022 жылы Италияның Парма қаласында, 2024 жылы Германияның Аугсбург қаласында жеңіске жеткен.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алғанын хабарлаған едік.
Ол екінші айналымда әлемнің 68-ракеткасы, мексикалық Рената Сарасуаны 4:6, 6:0, 7:5 есебімен жеңді.