Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің финалында ойнайды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 246-ракеткасы, монаколық Валентен Вашеромен шеберлік байқасты.

Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, Тимофей жеңіске жетті.

Екі сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Тимофей Скатовтың финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде әлемнің 1-ракеткасын ұтқанын жазған едік.