Скатов мансабындағы үшінші "Челленджер" титулын жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен "Челленджер" санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Финалда Скатов италиялық Стефано Травальяны 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс оған 75 рейтингтік ұпай әкеліп, ATP рейтингінде 193-орынға көтерілуіне мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Скатов 2022 жылы Пармада, ал 2024 жылы Аугсбургте өткен “Челленджер” турнирлерінде топ жарған еді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққан еді.