Қазақстандық теннисші биылғы маусымда алтыншы рет финалда ойнайды

Редакция Ulyssport

Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың финалына өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина – сербиялық Александра Крунич жартылай финалда чехиялық Анастасия Децюк пен Мириам Шкох жұбын 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Ойын 1 сағат 19 минутқа созылды.

Қазақстандық-сербиялық дуэт енді титул үшін Қытай Тайбэйінің Чжань Хаоцин және Қытайдың Цзян Синьюй жұбымен кездеседі.

Еске салайық, биыл Анна жұптық сында Истборн турнирінде (Мария Боузковамен бірге) жеңіске жетті, сондай-ақ Мерида, Лондон және Ноттингем турнирлерінде финалист атанды. Бұған қоса, Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен еді.

Еске салайық, бұған дейін балуан Диас Сейітқалиев U20 санатындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болғанын хабарлаған едік.