Александр Бублик теннистен АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Дастан Кенжалин

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен (Италия) өзара мықтыны анықтады. 

1 сағат 21 минутқа созылған матчта италиялық теннисші 1:6, 1:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.