Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жұптық сынның ширек финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге аустралиялық Присцилла Хон мен чехиялық Каролина Муховаға қарсы ойнады.

Қарсылас жұп екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Есеп: 7:6, 6:3.