Елена Рыбакина теннистен Қытайдағы турнирдің финалында жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Екатерина Александровамен кездескен еді.

Шешуші матч үш сетке созылды. Алғашқы сет қарсыластың пайдасына шешілгенімен, Рыбакина кейінгі екі сетте айқын басымдық танытты.

Қорытынды есеп - 3:6, 6:0, 6:2.