Теннисші Әмір Омарханов China Open турнирінің финалына шықты

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Әмір Омарханов камбэк жасап,, J300 Beijing 2024 China Open турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҚТФ

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Теннис федерациясы Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер арасындағы әлем рейтингінің 15-ші ракеткасы Әмір Омархановтың Бейжіңде өтіп жатқан ITF Juniors J300 сериялы турнирінің финалына шыққанын хабарлады.

НӘТИЖЕ

Отандасымыз жартылай финалда сербиялық Озен Миличті (56 ITF Juniors) ұтты.

«Амир алғашқы сетте 0:6 есебімен жеңіліп қалды, бірақ кейін мінез танытып, келесі екі ойында қарсыласынан басым түсті, есеп – 6:1, 6:3», - делінген хабарламада.

Ертең, 6 қазанда Омарханов финалда британдық Оливер Бондингке (19 ITF Juniors) қарсы ойнайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шанхайда өткен Masters сериясы турнирінде Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко әлемнің 31-ракеткасы аргентиналық Франсиско Черундолоны ұтқан болатын.