Алматыда өтіп жатқан Almaty Open ATP 250 турнирінің алғашқы финалисі анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Әлемнің 118-ші ракеткасы, канадалық Габриэль Диалло аргентиналық Франсиско Черундолоны 6-4, 6-2 есебімен жеңіп, Almaty Open ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды.
«Осы нәтиженің арқасында 23 жастағы канадалық келесі дүйсенбіде әлемдік рейтингтің үздік 100-дігіне кіреді», – делінген хабарламада.
Финалда Диалло Карен Хачанов немесе Александр Вукичке қарсы ойнайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (61 АТР) Алматыда өткен ATP-250 санатындағы турнирде ұтылғанын хабарлағанбыз.