Әмір Омарханов – халықаралық турнир чемпионы

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисшілер Оңтүстік Кореяның Ванджу қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J300 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік нәтиже көрсетті деп хабарлайды, Ulyssport.kz.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық-кореялық жұп финалда корт иелері Йенсу Джейонг – Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты – 6:2, 6:2.

Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо - Су Джонгқа есе жіберді - 6:1, 5:7, 8:10. 

Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді – 4:6, 1:6.

Кеше қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлының Кореядағы осы турнирдің жартылай финалына өткенін жазғанбыз.