Үлкен теннис: Қазақстан-Корея – 2:0. Рыбакина есепті еселеді

Редакция Ulyssport

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан-Корея матчында Елена Рыбакина Сон Хен Пакті жеңіп, есепті 2:0-ге жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҚТФ

Қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы болса, кореялық спортшы рейтингіде 355-орында тұр. Е.Рыбакина 25-те, қарсыласы одан үш жасқа кіші еді. 

Бірінші партияны Рыбакина 6:2 есебімен аяқтады. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.

Еске сала кетсек, Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы аясында басталған Кореямен плей-офф матчында Зарина Дияс жеңіске жетіп, Қазақстанды алға шығарған еді.