Теннис: Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне өтті

Редакция Ulyssport

Астана қаласында өтіп жатқан теннистен Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында қайта жолығып, біздің құрама кезекті жеңісінің арқасында жалпы есепті 3:0-ге жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҚТФ баспасөз қызметі

Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.

Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетсек, осы кубок аясындағы алғашқы кездесуде Зарина Дияс Кореямен болған матчта ұлттық құраманы алға шығарған еді.

Ал екінші кездесуде Елена Рыбакина Сон Хен Пакті жеңіп, есепті 2:0-ге жеткізгенін хабарлағанбыз.