Қазақстандық теннисші Анна Данилина бүгін, 15 маусымда ресейлік Диана Шнайдермен бірге Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан беделді Queen’s Club Championships турнирінің финалында ойнайды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Айта кетейік, Данилина мен Шнайдер жартылай финалда аустралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуай жұбымен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:3, 2:6, 11:9. Осылайша, қазақстандық-ресейлік спортшы финалға жолдама алып, чемпиондық атақ үшін таласады.
Анна Данилина – Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы. Ол қазір WTA рейтингісінде 9-орында тұр.
Еске салайық, бұған дейін Данилина "Ролан Гаррос" финалында жеңіліп қалған еді.